Ата-аналар жиналысы 2023-2024 оқу жылы
21.09.2023ж күні мектебімізде жалпы ата-аналарға арналған жиналыс болып өтті. Жиналысқа мектеп әкімшілігі, мектеп басшысы К.К.Бимағамбетова, мектеп инспекторы Б.Д. Алибеков, мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.М.Реимбаева, мектебіміздің педагог-психологі Ж.С. Ермағамбетова және ұстаздар мен ата-аналар қатысты.
Күн тәртібінде:
1. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу.
2. Жалпыға бірдей мектеп формасы. “Тыйым салу туралы” бұйрықпен таныстыру.
3. Зорлық-зомбылыққа жол жоқ.
4. Әртүрлі мәселелер.
Жиналысқа ата-аналар белсене қатысып, сұрақтарына жауаптарын алды.