Бракераждық комиссия мүшелері асханаға тексеріс жүргізді

Бракераждық комиссия мүшелері айына 8 рет асханаға тексеріс жүргізеді. Тексеру нәтижесінде тамақ өнімдерінің сапасы, олардың тасымалдау, жеткізу, түсіру шарттары талапқа сәйкес, қауіпсіздігін растайтын сертификаттар бар. Асхана да ас әзірлейтін, тамақтанатын, азық-түлік сақтайтын бөлмелерде санитарлық талаптар қанағаттанарлық. Тағам бекітілген менюге сайкес берілуде. Тамақтану бойынша ескерту болған жоқ, тамақ үлестері нормаға сай. Оқушылар жақсы тамақтанып отырады. Асхана блогы мен ас әзірлейтін ішкі блоктың, ыдыс-аяқ жуатын және тағам сақталатын қоймалардың тұрақты температурасы қаралды. Асхана қызметкерлері медициналық тексерістен өткен. Оқушылардың дұрыс тамақтануы үшін раковиналар, кептіргіштермен, ауыз су режимі қамтамасыз етілген.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *