1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасы балаларына берілетін ыстық тамақ берілісін тексеру

Бала денсаулығын, оның дене және ақыл-ой дамуын анықтайтын бағыттардың бірі өскелең ұрпақты сапалы тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын сақтауға көмектесетіні сөзсіз. №6 жалпы білім беретін мектебіндегі білім алушылардың ішінен 1-4 сыныптан 658 оқушы, 5-11 сыныптан 150 оқушы барлығы 808 оқушы ыстық тамақпен қамтылады. Оқушыларды тамақтандыру белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларын сынып жетекшілері асханаға алып барады және кезекші мұғалімдер тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.

Мектеп басшысының бұйрығына сәйкес оқушыларға берілетін тамақ сапасын бақылап, тексеретін бракераждық сынаманы жүргізетін комиссия құрылған. Комиссия мүшелері тамақ өнімдерінің сапасына, тағамдарды дайындау технологиясына, өнімдердің және дайын тағамдардың сақтау мерзімдеріне, мектеп асханасының талапқа сай жұмыс жүргізуіне, санитарлық талаптардың орындалуына, аспаздардың киім үлгісінің талаптарға сай болуын тексереді. Тексеру барысында мектеп асханасының санитарлық жағдайы, асхананың жалпы тазалығы, ыдыс – аяқтардың тазалығы таза. Азық –түлік сақтайтын қоймалар, жеміс – көкөніс сақтайтын орындар, қайнату, ыдыс – аяқ жуатын орын, азық – түліктердің сақталуы мен тұтыну мерзімі талапқа сай. Шикізаттың жеткілікті қолданылуы, дайын астың оқушыларға таратуға болатыны мен сапасы туралы бракераждық журнал толтырылған. Тағам Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімі басшысының бекітілген қыс-көктем маусымдық ас мәзірімен дайындалған. Дайын ас шығыны өз деңгейінде және күнделікті сатылымдағы тағамдар мөлшері талапқа сай. Тәуліктік сынама алу мен сақталу қамтамасыз етілген. Аспазшылардың киімдері таза, әшекей бұйымдар тағылмаған, санитарлық-гигиеналық талаптар сақталған.

Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар. Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Оқушылардың барлық уақыт ішінде ауыз суға еркін қол жеткізілуі қамтамасыз етілген.

Орындаған: әлеуметтік пед. Ж.Ә.Жұмадиева

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *