Жетекші мектеп

2023-2024 оқу жылындағы жетекші мектеп №6 жалпы білім беретін мектепте, жетекші мектеп жылдық жоспарына сәйкес 23.11.23ж күні «Сабақтың тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа әдістер және оқыту тәсілдері» тақырыбында семинар өткізілді. Мақсаты: Жаңартылған білім мазмұны негізінде педагогтардың кәсіби шеберлігі мен білім сапасын арттыру. Семинарға серіктес мектептер №1, №3 және №16 бастауыш мектеп және қала мектептерінің мұғалімдері қатысты. Семинар барысында Джанаева Сәуле «Қазақ экстрадасы» панорамалық сабақ, Джалгасова Злиха «Көнеден жеткен жетіген» шебер сынып, Еламанова Динара «Ньютонның үшінші заңы» физика пәні бойынша ашық сабақ, Байдуллаева Динара «Зат мөлшері. Моль. Авогадро заңы» химия пәні бойынша ашық сабақ, Демиханова Ақырыс «Нәтижелі сабақ ұйымдастыруда жаңашыл әдіс-тәсілдер қолдану маңыздылығы» шебер сынып жүргізді. Семинар өте жоғары деңгейде өтті. Семинар соңында мұғалімдер кері байланыс жасады.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *