Мектепішілік олимпиаданың ашылу салтанаты.

Ағымдағы жылдың 25 қарашасында мектебімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың мектепшілік кезеңінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанаты қазақ халқының ұлттық биімен басталып, рух көтеретін әндер арқылы жалғасын тапты. Оқушыларға сәттілік тілей отырып, олимпиаданың жүру тәртібімен мектебіміздің бейіндік әдіскері Исаева Айжан таныстырды. Педагог-психолог Ермағанбетова Жанар оқушыларға психологиялық қолдау көрсету мақсатында тренинг өткізді.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *