Ыстық тамақ бойынша бракераж комиссиясының асхана жұмысын тексеруі.

2023 жылдың 10-қарашасында 1-4 сынып оқушыларын және жекелеген санаттағы оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуді сапалы ұйымдастыру мақсатында бракераждық комиссия мүшелерінің қатысуымен асхана жұмысы тексерілді. Комиссия мүшелері асхананың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын, ыдыстардың талапқа сай қолданысын, қоймадағы және тоңазытқыштағы тағамдардың жарамдылық мерзімін, асхана қызметкерлерінің санитарлық кітапшаларының дұрыстығын, бракераждық журналдың жүргізілуін және бүгінгі оқушыларға арналған дайын ас мәзірі мен оқушының жас ерекшелігіне сәйкес мөлшерімен берілуін және дайын тағамның дәмін тексерді. Тексеріс нәтижесінде жоғарыда айтылғандардың барлығы талапқа сай орындалып отырғандығына көз жеткізілді.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *