Апталықта өткізілген ашық сабақ

Мектебімізде “Эстетикалық пәндер апталығы” аясында 29.09 күні дене шынықтыру пәнінен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақтың тақырыбы: ОЙЫННЫҢ ҚАБЫЛДАУ ТЕХНИКАСЫН
ҮЙРЕТУ. БАСКЕТБОЛ ОЙЫН ЕРЕЖЕСІ. Ашық сабақты өткізген дене шынықтыру пәні мұғалімі: Бажикова Жаңыл. Сабақтың мақсаты: Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажет ережелер мен құрылымдық тәсілдерді білу және түсіну. Баскетбол ойын ережелерін және әдіс-тәсілдерін меңгеру. Дене жаттығулары аясындағы іс-әрекетті оңтайландыра отырып эстафета ойындарында баскетбол элементтерін жетілдіру. Ашық сабаққа оқу ісінің меңгерушісі Аманова Р. және әдіскер Тұрсынбаева А. қатысты.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *