Жас ұлан , Жас қыран

“Жас ұлан” ,”Жас қыран” қатарына қабылдау
Мамыр айының 5-і күні “№6 жалпы білім беретін мектеп” КММ-нің тәлімгері Сайынова Жаңылсынның ұйымдастыруымен және оқушыларды патриоттық тәрбиеге бағыттау мақсатында мектепішілік “Жас Ұлан”, “Жас Қыран” қатарына оқушыларды қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. Салтанатты жиынға мектеп әкімшілігі қатысып жас ұрпаққа өздерінің тілектерін білдірді. Бұл салтанатты жиынға, яғни “Жас Қыран” қатарына 2-4 сыныптар, ал “Жас Ұлан” қатарына 5-8 сыныптардың үздік, белсенді оқушылары қабылданды. Қабылданған оқушылар саны, атап айтар болсақ “Жас Қыран”-40 оқушы, ” Жас Ұлан”- 90 оқушы. Мамыр айында барлығы 130 оқушы қабылданды.

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *