Пед кенес

Ағымдағы жылдың 5 қаңтар күні мектебімізде №3 педагогикалық кеңес өтті.

Күн тәртібінде қойылған барлық мәселелер талқыланды.

I жарты жылдық қорытындысы, білім сапасына талдау бойынша ОІМ Аманова Р.Д баяндама оқыды. Әрбір сыныптың сапасына қатысты пікірлер айтылып, кемшілік тұстары талқыланды.

4-9-11 сынып оқушылары үшін негізгі пәндер бойынша мектепішілік бақылауға қою мәселесі бойынша ОІМ Аманова Р.Д мен Сатенова С.А түсінік жұмыстарын жүргізді.

Электронды журналдың толтырылуы, оқушылардың жеке іс-қағаздарының жүргізілуі бойынша Сатенова С.А мен Аманова Р.Д айтып өтті. Күнделікті оқушыларға журналға қалыптастырушы бағалауды қоюды және жеке іс-қағазға салуға тиісті емес қағаздарды ескертіп айтты.

Қалалық олимпиадаға дайындық жұмыстарының жүргізілуі туралы БОІМ Исаева А.Х баяндап, оқушылардың дайындығы жүріп жатқанын атап өтті.

2022/23 оқу жылында санат көтеруге өтініш берген мұғалімдердің дайындықтарымен танысу және №6 жалпы білім беретін мектептің өзін-өзі бағалау құрылымы туралы мектеп әдіскері Тұрсынбаева А баяндама оқыды. #педкеңес

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *