Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні мектебімізде “Жаңа Қазақстанның жасампаз жас маманы” атты жас мамандар апталығының ашылу салтанаты өткізілді.

Ағымдағы жылдың 20 ақпан күні мектебімізде “Жаңа Қазақстанның жасампаз жас маманы” атты жас мамандар апталығының ашылу салтанаты өткізілді.

Байқаудың міндеттері мен мақсаттары:

ü Жалпы білім беретін мектеп жас мамандары арасында қазақ әдебиетінің баға жетпес туындыларын насихаттау;

ü Жалпы білім беретін мектеп жас мамандарының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау;

ü Жас мамандарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру.

Бұл жолы жас мамандарымыздың ашылу салтанаты ерекше аталып өтті.

Шара жас мамандардың шығармашылық қабілетін дамытуды көздейді.

Байқау 3 кезеңді қамтыды:

1.Таныстыру

2.”Оқу-білім бұлағы”

  1. “Ақыл жастан, асыл тастан”.

Мамандар педагогикалық біліктілігін, оқу үрдісіндегі әдістемелік тәсілдердерін, ортаға салды. Сондай-ақ, бала ғана емес, ата-анамен жұмыс жасай білуін де сынға салды. Байқау нәтижесі бойынша

1орын – “Жарқыра” тобы, 2орын – “Жалын” тобы, 3орын – “Жастар” тобы, 4орын – “Кемеңгер” тобы жүлделі орындарға ие болды. Мектебіміздің кәсіподақ ұйымы атынан жүлделі орындарға ие болған топтарымызға ақшалай сыйлық берілді.

Одан бөлек жас мамандарымыздың арасынан ерекше көзге түсіп, Көшбасшы “Жас маман-2023” статуэткасына ағылшын тілі пәні мұғалімі Құрмантұрлы Жұлдыз Ізтұрғанқызы ие болды. Байқау өз деңгейінде керемет өтті.

Жас мамандарымызға алдағы апталықтарына сәттілік тілейміз тек биіктен көріне берулеріне тілектеспіз

 

You may also like...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *